- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тоқаев БАӘ-нің Қазақстандағы...
Тоқаев БАӘ-нің Қазақстандағы елшісін қабылдады
Мемлекет басшысы БАӘ-нің Қазақстандағы елшісі Мұхаммед Саид Мұхаммед әл-Арикиді қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өткен ШЫҰ саммитіне Біріккен Араб Әмірліктерінің өкілді делегациясының қатысқаны үшін алғыс айтты. Мемлекет басшысы еліміз БАӘ-мен көпжақты ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән беретінін мәлімдеді.
Кездесуде бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген сауда-экономика және инвестиция салаларындағы уағдаластықтарды жүзеге асыру барысы талқыланды. Сондай-ақ, Қазақстан мен БАӘ арасындағы стратегиялық инвестициялық жобалар туралы бірлескен декларация аясындағы жұмыстарды жалғастыру қажет екеніне назар аударылды.
Сонымен қатар, энергетика және көлік-логистика, ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект салаларындағы ынтымақтастық перспективалары қарастырылды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова