Тоқаев азаматтардың дербес дерегін қорғауды тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратурада жиын өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Президент азаматтардың дербес дерегін қорғау қажет екенін айтты.

"Ақпараттық кеңістікте азаматтардың дербес дерегі жарияланып кеткені туралы хабар жиі шығып жатады. Дербес деректі барынша қорғау үшін бұл жұмыспен жүйелі түрде айналысу керек", - деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, киберқылмыспен күрес тәсілдерін түбегейлі қайта қарау қажет.

"Әлемде киберқылмыс өршіп барады. Жыл сайын мыңдаған азаматымыз соның құрбаны болып жатыр. Қазір интернеттегі алаяқтық қылмыстардың бестен бірі ғана ашылады. Бұл - өте төмен көрсеткіш. Киберқылмыспен күрес тәсілдерін түбегейлі қайта қарау қажет. Цифрлық қатерге төтеп беру үшін құқық қорғау органдары бір қадам алда жүруге тиіс. Озық ойлап, артта қалмаудың амалын табу қажет", - деді Тоқаев.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!