Мемлекет басшысы Ұлттық Құрылтайда айтқан ауыл және аудан орталығының тұрғындарына арналған жаңа ипотекалық бағдарлама мамырда басталады. Бағдарлама бойынша әлеуметтік осал санаттағы азаматтар 7 пайыздық мөлшерлемемен баспаналы бола алады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Krisha.kz" сілтеме жасап.
7 пайыздық жеңілдетілген тұрғын үй несиесін алуға мүмкіндік көп балалы отбасылар, жетім балалар, мүмкіндігі шектеулі жандарға беріледі. Ал басқаларға мөлшерлеме - 9 пайыз. Сонымен, барлығы 12 мың қазақстандық биыл "Отбасы" банктен 300 миллиард теңге сомасына ипотекалық қарыз ала алады.
Мамырда басталатын жаңа ипотекалық бағдарламаға қатысатындар:
Алматы мен Астанадан баспана сатып алу үшін берілетін несиенің ең көп сомасы - 30 миллион теңге. Ал қалған өңірлер үшін - 18 миллион теңге.
Астана, Алматы, Шымкент және 17 қала-облыс орталықтарында бастапқы тұрғын үй сатып алуға болады. Олар: Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Қонаев, Павлодар, Петропавл, Семей, Жезқазған, Талдықорған, Тараз, Түркістан, Орал, Өскемен.
Ал барлық басқа елді мекендерде бастапқы, қайталама, оның ішінде жеке үй болсын, кез келген тұрғын үй сатып алуға рұқсат етіледі.
"Бірінші жылы жаңа бағдарлама есебінен қосымша 12 мың баспанаға мұқтаж отбасын үймен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Жалпы биыл рекордтық 18 млн шаршы метр тұрғын үй салынады, бұл бұрынғы жоспарланған жылдық көрсеткіштен 2,5 млн шаршы метрге артық", - делінген премьер-министрдің ресми сайтына жарияланған хабарламада.
Еске салайық, Мемлекет басшысы 15 наурызда Атырауда өткен Ұлттық Құрылтайда халықтың тұрмыс сапасын жақсарту мақсатында Үкіметке биыл ауқымды төрт инфрақұрылымдық бастаманы жүзеге асыруды тапсырған болатын. Оның ішінде ауыл және аудан орталығының тұрғындарына арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасын қолға алу да болды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!