- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тоқаев әйелдердің зейнет...
Тоқаев әйелдердің зейнет жасы 2028 жылға дейін өспейтінін мәлімдеді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақыға қатысты қандай өзгеріс болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет ең төменгі жалақыны анықтаудың жаңа әдістемесін енгізеді, бұл оның мөлшерін кезең-кезеңімен арттыруға мүмкіндік береді.
Ең төменгі жалақы деңгейін 60-тан 70 мың теңгеге дейін көтеру туралы шешім қабылдадым. Бұл 1,8 миллион азаматтың табысына тікелей әсер етеді.
Алда зейнетақы жүйесін айтарлықтай қайта жүктеу керек. Зейнетақының ең төменгі базалық мөлшерлемесін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына дейін, ал ең жоғары мөлшерлемесін 120 пайызға дейін дәйекті түрде жеткізу керек. Бұған дейін қабылданған шешімдермен бірге бұл 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақыны орта есеппен 27 пайызға ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, әлеуметтік сұранысты ескере отырып, әйелдер үшін зейнеткерлік жас деңгейі 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде белгіленеді. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының тиімді инвестициялық стратегиясын әзірлеу қажет", - деді ол.
Айта кетейік, бүгін Парламенттің қос Палатасының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі негізгі даму мақсаттары жайында Қазақстан халқына Жолдау жасап жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова