Тоқаев ауыс-түйіс жүргізді: бірнеше министр қызметінде қалды

Бүгін министрліктерде тағайындаулар жүріп жатыр. Бірнеше министр қызметінде қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Руслан Жақсылықов Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі лауазымында қалды. 


Руслан Жақсылықов

Сонымен қатар, Марат Ахметжанов ішкі істер министрі қызметінде қалды.


Марат Ахметжанов

Серік Жұманғарин Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрі лауазымында қалды.

Фото: primeminister.kz

Алтай Көлгінов те Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары лауазымында қалды. 

gov.kz

Ерұлан Жамаубаев Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары - қаржы министрі лауазымында қалды.

Еске салайық, 23 наурызда Үкімет отставкаға кеткен болатын. VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында Әлихан Смайылов басқаратын министрлер кабинеті жаңадан сайланған Мәжіліс алдында отставкаға кетті

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!