- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тоқаев Аустрия президентіне...
Тоқаев Аустрия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Фото:
Ақорда
Мемлекет басшысы Аустрияның Федералдық президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Ван дер Белленді және Аустрия халқын Аустрия Республикасының ұлттық күнімен құттықтады.
"Қазақстанның Еуропа кеңістігіндегі сенімді серіктесінің бірі саналатын Аустриямен дәстүрлі достық және өзара қолдау рухындағы көпжақты ынтымақтастығымыз алдағы уақытта нығая түсетініне кәміл сенімдімін", - деп жазылған жеделхатта.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Александр Ван дер Белленнің аса жауапты қызметіне табыс, ал Аустрия халқына құт-береке тіледі.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова