Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әулиекөл ауданындағы аумақты тікұшақпен аралап шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына келіп, өрттен зардап шеккен Әулиекөл ауданындағы аумақты тікұшақпен аралап шықты", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен барғаны хабарланған болатын. Сапар барысында Әулиекөл ауданындағы өрт сөндіру жұмыстарымен танысатыны айтылған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!