Тоқаев Ауғанстан басшылығына көңіл айтты

Тоқаев Ауғанстан басшылығына көңіл айтты
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан басшылығына көңіл айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан басшылығына аталған елде болған зілзала салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты қайғырып көңіл айтты", - делінген хабарламада. 

Еске салайық, Ауғанстанның шығысында жойқын жер сілкінісі болды: кейінгі мәліметтер бойынша 600-ден аса адам қаза тауып, 1300-ден астамы жараланды. 

Зілзала 31 тамыз, жексенбі күні кешке, сағат 23:47-де 6,0 магнитудамен тіркелді. Оның ошағы небәрі 8 шақырым тереңдікте, Джалалабадтан 27 шақырым жерде орналасқан.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек
Logotype Massaget