Тоқаев Атырау мұнай өңдеу зауыты мен Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында туындаған жағдайды бақылауда ұстап отыр

Қасым-Жомарт Тоқаев апаттардан кейін Атырау мұнай өңдеу зауыты мен Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында туындаған жағдайды ұдайы бақылауда ұстап отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Президент апаттардың себебін анықтау  үшін мемлекеттік комиссия құруды тапсырды. Кінәлілер заңға сәйкес жауапқа тартылады.

Үкіметке аталған кәсіпорындарды қысқа мерзімде жұмыс жағдайына келтіру туралы тапсырма берілді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!