Тоқаев Атом энергиясы жөніндегі агенттікке орынбасарлар тағайындады

Президент Атом энергиясы жөніндегі агенттікке орынбасарлар тағайындады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының өкімдерімен:

  • Тимур Мифтахұлы Жантикин Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды;
  • Әсет Кеңесбекұлы Махамбетов Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Еске салайық, биыл наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" жарлыққа қол қойды.

Соған сәйкес Атом энергиясы жөніндегі агенттік құрылды.

Кейін Алмасадам Сәтқалиев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы болып тағайындалды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!