Тоқаев Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасының тағы бір орынбасарын тағайындады

Тоқаев Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасының тағы бір орынбасарын тағайындады
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Президент Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасының тағы бір орынбасарын тағайындады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының өкімімен Ғұмар Екпінұлы Серғазин Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, биыл наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" жарлыққа қол қойды.

Соған сәйкес Атом энергиясы жөніндегі агенттік құрылды.

Кейін Алмасадам Сәтқалиев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы болып тағайындалды.

Сонымен қатар, 2025 жылы 25 сәуірде Атом энергиясы жөніндегі агенттікке орынбасарлар тағайындалды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget