- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тоқаев асыраушысынан айырылғандардың...
Тоқаев асыраушысынан айырылғандардың жәрдемақысы көбейетінін айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев асыраушысынан айырылған азаматтардың жәрдемақысы 14,5 пайызға көбейетінін мәлімдеді. Мемлекет басшысы бұл туралы VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясының ашылуында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Осы орайда, ерекше қажеттілігі бар азаматтарға арнайы тоқталғым келеді. Елімізде осы санатқа кіретін 700 мыңнан аса адам бар. Азық-түлік пен дәрі-дәрмек бағасының қымбаттауы оларға оңай тиіп отырған жоқ. Біз ерекше қажеттілігі бар адамдарды және олардың күтушілерін қолдау шараларын күшейтуіміз қажет. Сондай-ақ, асыраушысынан айырылған азаматтар назардан тыс қалмауы керек. Осы орайда, Үкіметке бұл санаттағы адамдардың жәрдемақысын орта есеппен 14,5 пайызға көбейтуді тапсырамын. Мұны биылғы 1 қыркүйектен бастап қолға алуы қажет.
Қазақстан біздің аймақтағы осындай әлеуметтік жәрдем беретін жалғыз мемлекет деуге толық негіз бар. Жалпы, әлеуметтік қолдау алдын ала және шын мәнінде мұқтаж жандарға көрсетілуге тиіс", - деді Мемлекет басшысы.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова