- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тоқаев Астанадағы EXPO...
Тоқаев Астанадағы EXPO аумағы қаңырап бос жатқанын айтты
Тоқаев Астанадағы EXPO аумағы қаңырап бос жатқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Өзенге жаяу адам жүретін көпірлер салу керек. Мұндай өткел, әсіресе қазір салынып жатқан Тәуелсіздік даңғылындағы көпірдің маңайына қажет. Көлік жүруге болмайтын көшелер жөнінде талай рет айтылды. Бірақ қалада ондай бірде-бір көше салынған жоқ.
Жалпы, әлемдік тәжірибеде дәл осындай көше көптеп салынады. Бұл мәселені мұқият ойластыру керек. Білікті мамандарды тартып, оңтайлы шешім қабылдауға болады. Мысалы, бізде EXPO аумағы бар. Бір қарағанда, өте әдемі жер. Бірақ қаңырап бос жатыр", - деді Тоқаев.
Президент шын мәнінде, оған жан бітіріп, жұрт жаппай демалатын орынға айналдыруға болатынын айтты.
"Қоғамдық кеңістікті дамытудың бірыңғай тұжырымдамасын қабылдаған жөн. Нысандарды жобалау және салу кезінде осы тұжырымдамаға сүйену қажеттігі заңды түрде бекітілуге тиіс", - деді Мемлекет басшысы.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек