Тоқаев Астанада Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Тоқаев Астанада Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақорда резиденциясының алдындағы алаңда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті.

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Құрмет қарауылы ротасының бастығы Президентке рапорт берді. Содан кейін еліміздің Мемлекеттік туы көтеріліп, әнұраны орындалды.

Мемлекеттік ту көтеру рәсімі барлық өңірде жалғасады.

Бұған дейін Президент қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтаған болатын.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget