Тоқаев Астанада экобелсенділермен бірге ағаш екті

Қасым-Жомарт Тоқаев "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясына қатысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында жастармен және экобелсенділермен бірге Президент саябағының аумағында ағаш екті.

Ақорданың баспасөз қызметі Президенттің қатысуымен өткен экологиялық акцияның суреттерін жариялады.

Еске салайық, биыл көктемде де Мемлекет басшысы "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясына қатысқан болатын.

Ағаш отырғызу сәті. Ақорданың баспасөз қызметінің фотосы

Ақорда ғимараты, Президент саябағы жағынан көрініс. Ақорданың баспасөз қызметінің фотосы

Астанадағы "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы. Ақорданың баспасөз қызметінің фотосы

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!