Президент Астана және Қазақстан митрополиті Александрды I дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы митрополит пен барша православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев Православ шіркеуінің дәстүрлі және отбасылық құндылықтарды насихаттауға, жас ұрпақты тәрбиелеу мен еліміздің бай мәдени мұрасын сақтауға елеулі үлес қосып келе жатқанын атап өтті.

Президент митрополит Александрды I дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.

Бұл оның Қазақстандағы қызметіне 15 жыл толуына орай, сондай-ақ, бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы еңбегі үшін беріліп отыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова