Тоқаев Ашхабад қаласына барады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 желтоқсан күндері Ашхабад қаласына барады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 желтоқсан күндері Халықаралық бейбітшілік және сенім жылына, сондай-ақ, Халықаралық бейтараптық күні мен Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына арналған форумға қатысу үшін Ашхабад қаласына барады", - деп жазылған хабарламада.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз