Арменияның Мемлекеттік резиденциясында Ереванға ресми сапармен келген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт берді.
Қазақстан мен Арменияның әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никол Пашинян бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Салтанатты рәсімнен кейін Мемлекет басшысы мен Армения премьер-министрі келіссөз өтетін залға барды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз