Мемлекет басшысы Армения елінің басшыларын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Армения тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай президент Ваагн Хачатурян мен премьер-министр Никол Пашинянға құттықтау жеделхатын жолдады.
Мемлекет басшысы армян халқының ұлттық бірлігі мен жасампаз рухын, сондай-ақ, елдің халықаралық аренадағы абырой-беделін паш ететін бұл айтулы күннің тарихи маңызы зор екенін айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекетаралық ықпалдастық пен стратегиялық серіктестік одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.
"Қазақ-армян ынтымақтастығы ойдағыдай өрбіп, бірлескен күш-жігердің арқасында мән-мазмұны толығып келеді. Бұл елдеріміз арасындағы достық пен стратегиялық серіктестік рухына сай. Қазақстан Армениямен сан қырлы байланысты күшейтуге ниетті екенін растаймын", – деп жазылған жеделхатта.
Президент Армения елі басшыларына мемлекеттік қызметте толайым табыс, ал достас армян халқына бақ-береке тіледі.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!