Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысу үшін NEST конгресс орталығына барды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Mapping Tomorrow, Managing Uncertainties тақырыбына арналған көшбасшылар пікірталасына Солтүстік Македония президенті Гордана Силяновска-Давкова және Грузия премьер-министрі Ираклий Кобахидзе қатысады.
Модераторы - Түркия Ұлы Ұлттық жиналысының мүшесі, бұрынғы сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлу.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!