Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматының басты проблемалары туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүгін Тоқаев Алматы жұртымен кездесу өткізіп жатыр.
"Алматының тарихи орталығы - өмір сүру үшін аса қолайлы жер. Қажетті нәрсенің бәрі жақын жерде орналасқан. Алайда, орталықтың өзіне тән түйткілдері бар. Атап айтқанда, коммуналдық жүйе тозып барады. Ғимараттар бір-біріне өте тығыз орналасқан. Жолдарда кептеліс көп.
Сондай-ақ, шеткері аудандардың дамуы тым кенже қалып отыр. Әлеуметтік нысандар жетіспейді. Жұрт серуенге баратын саябақтар тапшы. Негізінен, жер үйлер көп салынған. Тіпті, қыс айларында қара түтін қаптайды. Азаматтардың демалысын пайдалы өткізетін қоғамдық орындар аз. Көлік және инженерлік инфрақұрылым да жеткіліксіз", - деді Президент кездесуде.
Тоқаев әкімдіктің басты міндетінің не екенін айтты.
"Әкімдіктің міндеті - орталық пен шеттегі аудандардың арасында пайда болған осы теңсіздікті жою. Қала - бәріне ортақ. Сондықтан, қаланың игіліктері де барлық тұрғындарға бірдей қолжетімді болуға тиіс", - деді Тоқаев.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!