Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға келді , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Президент ертең бірқатар инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандарды аралап, әкімдіктің мегаполистегі жол-көлік жүйесін дамыту жоспарымен танысады.
Сондай-ақ сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері жөнінде кеңес өткізу жоспарланып отыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!