- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тоқаев Алматыда шағын...
Тоқаев Алматыда шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына оң баға берді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысқан кеңес барысында Алматы экономикасын әртараптандыру мәселелері талқыланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және орта кәсіпкерліктің даму әлеуетіне оң баға берді. Келтірілген мәліметтерге сәйкес 2022 жылдың өзінде Алматы мемлекеттік бюджетке 4 триллион теңгеден астам қаржы құйды. Қаладағы салық түсімдерінің басым бөлігі шағын және орта бизнестің төлемдеріне тиесілі.
Президент мегаполистегі бизнес-ахуалды жақсарту үшін жүйелі шаралар қабылдау жөнінде міндет жүктеді.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, жеке капиталды тарту, кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын күшейту, жаңа көлік-логистикалық орталықтарына қолдау көрсетудің тың шараларын қарастыру, креативті индустрия, туризм салаларын дамыту Алматы экономикасына тың серпін беруге тиіс.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина