Мемлекет басшысы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Марат Сұлтанғазиев облыстың биылғы қаңтар-мамыр айларындағы негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баяндады:
Өңірдің 2030 жылға дейінгі инвестициялық портфеліне жалпы құны 3,7 триллион теңге болатын 207 жоба енген. Биыл сомасы 446,7 миллиард теңге болатын 58 жоба жүзеге асырылып, 5,3 мың жаңа жұмыс орны ашылмақ.
Шағын және орта бизнестің дамуы жөнінде мәлімет берді.
Өңірдегі әлеуметтік мәселелер, соның ішінде үш ауысымды мектептердің проблемасы жоспарлы түрде шешіліп жатқанын айтты:
Алматы облысында жүргізілген "Таза Қазақстан" экологиялық акциясының алғашқы бес аптасының қорытындысы таныстырылды. Облыс тұрғындары қоғамдық орындарды абаттандыру және жаппай ағаш отырғызу ісіне белсенді атсалысқан. Бұл шара аясында 19 506 тонна қоқыс жиналып, 6600 гектардан аса аумақ тазартылған. Мемлекет басшысы "Таза Қазақстан" бастамасы экологиялық мәдениетті қалыптастыратын маңызды қадам екенін айтып, облыс әкіміне бұл жұмысты тұрақты түрде жүргізуді тапсырды.
Кездесу барысында облыс орталығы Қонаевты, жаңадан құрылған Алатау қаласын және тұтас агломерацияны дамыту перспективасы талқыланды. Мемлекет басшысына қала құрылысына қатысты құжаттаманы әзірлеу және бекіту жұмыстарының аралық нәтижесі таныстырылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев облыстың стратегиялық даму жоспарын орындауға бағытталған жұмыстарды жалғастыруды, сондай-ақ, Alatau City жобасын жүзеге асыру үшін әлеуетті инвесторлармен қарым-қатынасты жандандыруды тапсырды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз