Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алжир президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Әбделмәжид Теббун мен оның отандастарын Алжирдің Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
"Біз Алжирді араб әлеміндегі сенімді серіктестеріміздің бірі деп қарастырамыз. Берік достық пен өзара түсіністікке негізделген қазақ-алжир қарым-қатынастары халықтарымыздың игілігі жолында ұдайы дами беретініне сенімдімін",– деп жазылған жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Әбделмәжид Теббунның жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Алжир халқына құт-береке тіледі.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз