Тоқаев Алжир президентін құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алжир президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбделмәжид Теббунды Алжир Халық Демократиялық Республикасының ұлттық мейрамы – Революция күнімен құттықтады.

Президент достық пен өзара түсіністікке негізделген ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында ұдайы дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбделмәжид Теббунның жауапты қызметіне табыс, ал Алжир халқына құт-береке тіледі.

Алжирде қандай мереке тойланып жатыр?

Революция күні 1954 жылғы 1 қарашада Алжирде француз отаршылдығына қарсы қарулы көтерілістің басталуымен байланысты.

Франция Алжирді 1830 жылы басып алған болатын. Бір ғасырдан аса уақыт бойы жергілікті халық теңсіздік пен құқықтарының шектелуінен зардап шекті.

1954 жылғы 1 қарашаға қараған түні Ұлттық азаттық майданының жауынгерлері Францияның әскери және әкімшілік нысандарына бірнеше шабуыл жасады. Осы оқиғалардан кейін сегіз жылға жуық созылған тәуелсіздік үшін соғыс басталды.

1962 жылдың наурызында тараптар атысты тоқтату туралы келісімге қол қойды. Сол жылы референдум өткеннен кейін, 5 шілдеде Алжир Франциядан тәуелсіздігін жариялады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!