Тоқаев Александр Стуббты Финляндия президенті лауазымына сайлануымен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Стуббты Финляндия президенті лауазымына сайлануымен құттықтады , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақорданың хабарлауынша, Мемлекет басшысы президент сайлауында жеңіске жеткен Александр Стуббқа құттықтау жеделхатын жолдады.

"Сайлаудағы жеңісіңіз халқыңыздың сізге деген сенімін білдіреді, сондай-ақ сіздің перспективті бағдарламаңыз бен мол саяси тәжірибеңізді қолдайтынын көрсетеді. Финляндия өзіңіздің басшылығыңызбен қарқынды дамуын жалғастырып, өркендей беретініне сенімдімін. Біз Финляндиямен арадағы достыққа және өзара құрметке негізделген берік қарым-қатынасты жоғары бағалаймыз. Екі елдің игілігі жолындағы ұзақмерзімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтып, екіжақты ықпалдастықтың әлеуетін пайдалану үшін сізбен және фин үкіметімен тығыз байланыс жасаймыз деп сенемін", - делінген жеделхатта.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!