Тоқаев алдағы күндері Иордан Хашимит Корольдігіне барады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы күндерге арналған жұмыс жоспары белгіленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қасым-Жомарт Тоқаев 18-19 ақпан күндері Король II Абдалла бен әл-Хусейннің шақыруымен Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапармен барады", - деп жазылған Ақорда хабарламасында.

Сапар барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз