Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әділетті Қазақстанда қандай өзгерістер болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Біз қазір Әділетті Қазақстанды құруға кірістік. Соңғы жылдары түбегейлі өзгерістер жасап, елімізді жаңғыртуды қолға алдық. Маусым айында өткен референдум халықтың бұл бастамаларды қолдайтынын көрсетті. Саяси реформалар елімізде "Күшті Президент - ықпалды Парламент - есеп беретін Үкімет" қағидатын орнықтырды. Бұл Президенттік Республика боламыз деген сөз. Расында, ел басқаратын Президент құзырлы, күшті болуы керек. Әйтпесе, кейбір басқа елдердегі сияқты тәртіпсіздікке ұшырауымыз мүмкін. Ал, ондай жағдай халқымызға қасірет әкеледі", - деді Президент.
Мемлекет басшысының айтуынша, бұдан былай Мәжіліс пен мәслихаттар аралас жүйе бойынша жасақталады.
"Билік тармақтары арасында тепе-теңдік орнату үшін нақты шаралар қабылданды. Президенттің бірқатар өкілеттігі Парламентке берілді. Өңір басшылары баламалы жолмен таңдалатын болды. Ауыл әкімдерін тікелей сайлау тәсілі енгізілді", - деді Президент.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!