- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тоқаев Аl Faisal...
Тоқаев Аl Faisal компаниясына Астанада айтулы ғимарат салуды ұсынды
Мемлекет басшысы Al Faisal Holding компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Фейсал бен Қасым Әл Тәниді қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстан Президенті Дохаға мемлекеттік сапарының аясында Қатардың ірі бизнес құрылымдарының басшыларымен бірқатар кездесу өткізді.
Al Faisal Holding компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы, Қатар кәсіпкерлері қауымдастығының төрағасы, Қазақстанмен іскерлік ынтымақтастықты үйлестіруші Фейсал бен Қасым Әл Тәнимен әңгімелесу барысында екіжақты экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты нығайту мәселелері талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Al Faisal компаниясымен арадағы өзара тиімді серіктестік Қатар бизнесінің Қазақстандағы үлесін арттыруға жол ашатынын атап өтті. Оның пікірінше, бірлескен жұмыстар жаңа инновациялық-инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Кездесу барысында құрылыс, туризм және қонақ үй бизнесі салаларындағы ынтымақтастық, сондай-ақ білім беру бағыты бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Al Faisal холдингіне Астанада Қазақстан мен Қатар арасындағы достық қарым-қатынастың символына айналатын айтулы ғимарат салу перспективасын қарастыру ұсынылды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан