Тоқаев Ақордада Словакия премьер-министрі Роберт Фицоны қарсы алды

Ақордада Словакия премьер-министрі Роберт Фицоны салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Ақордада елімізге ресми сапармен келген Словакия Премьер-министрі Роберт Фицоны салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Роберт Фицо бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң Қазақстан мен Словакияның мемлекеттік әнұрандары шырқалды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз