Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Сингапур президентін күтіп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Ақорда" резиденциясында Сингапур Республикасының Президенті Халима Якобты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.
Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді, сондай-ақ, Қазақстан мен Сингапурдың әнұрандары орындалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!