Ақорда резиденциясында елімізге мемлекеттік сапармен келген Әзербайжан президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Құрмет қарауылы ротасының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді.
Бұдан соң екі елдің әнұрандары орындалды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!