Мемлекет басшысының Жарлығымен Алматыдағы Ақкент ықшамауданында болған өрт кезінде адам өмірін сақтап қалуға байланысты қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін бір топ азамат марапатталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Ерлігі үшін" медалімен:
1) Ахметханов Тілеужан Сапарғалиұлы – "Expo Masters" ЖШС менеджері, Алматы қаласы;
2) Гюнай Шүкүр – "Спарк Электромеханик" ЖШС электригі, Алматы қаласы;
3) Исмаилов Эльдар Александрович – "Спарк Электромеханик" ЖШС электромеханигі, Алматы қаласы;
4) Йерделен Халил – "GASK Construction" ЖШС автокран операторы, Алматы қаласы;
5) Мамедов Кенан Бабаұлы – "Спарк Электромеханик" ЖШС электромеханигі, Алматы қаласы;
6) Романов Вадим Анатольевич – "Frank-Asia" ЖК автокран операторы, Алматы қаласы.
Ақкентте 16-қабаттан балаларды құтқарған Шукур Гюнай: "Мен қазақтар мақтасын деп жасаған жоқпын"
Еске салайық, 1 тамызда Алматыдағы Ақкент шағынауданындағы тұрғын үйде өрт шыққаны хабарланды. Кейін өрттен зардап шеккендер саны анықталды.
Ақкент тұрғын үй кешенінің тұрғыны Дидар өрт туралы айтты. Ол - өрттен аман қалған тұрғындардың бірі. Ал Тілеужан есімді жігіт өрттен 6-7 адамды құтқарып алған. Ер адам 1 жасар баланы, көршінің отбасын, бір жігітті және полиция қызметкерін аман алып қалды.
Ал Түркия азаматы Шүкүр Гюнай Ақкенттегі өрт кезінде 16-қабатта қалған балаларды құтқарған.
Сондай-ақ, өрт шыққан үйдің ішкі көрінісі жарияланды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз