Тоқаев әдебиет пен өнер саласы бойынша мемлекеттік сыйлық табыстады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2024 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мемлекеттік сыйлық:

  1. ақын Светқали Нұржанға – "Көкірегім көне кітап" жыр кітабы үшін;
  2. жазушы Құлбек Сәрсенұлы Ергөбекке  – "Адамның бір қызығы бала деген" кітабы үшін;
  3. авторлық ұжым Әлібай Қалтайұлы Бапанов пен Сәуле Сыздыққызы Бапановаға  – "Көшпенді фрескалар" киізден бастырылған паннолары топтамасы мен "Әлем өрнектері" гобелендер топтамасы үшін;
  4. суретші Жанұзақ Керімбекұлы Мүсәпірге – "Балалықтан даналыққа жол" топтамалар жинағы үшін берілді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!