- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Президенттің жұмыс сапары
Тоқаев Әбу-Дабиге барды: оны шейх Мансұр күтіп алды
Фото:
Ақорданың баспасөз қызметі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Әбу-Дабидің орнықты даму аптасы" саммитінің жұмысына қатысу үшін Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапарымен барды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаевты Әбу-Даби әуежайынан БАӘ вице-президенті шейх Мансұр бен Заид Әл Нахаян және басқа да ресми тұлғалар күтіп алды.
Мемлекет басшысы БАӘ президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен келіссөз жүргізеді.
Сондай-ақ осы елдің іскер топтары өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан