- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тоқаев Абай облысындағы...
Тоқаев Абай облысындағы өртке байланысты Вьетнамға сапарын кейінге шегерді
Абай облысындағы алапат өртке байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 11-13 маусым күндері Вьетнамға жоспарланған ресми сапары кейінге шегерілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Президент шұғыл кеңес өткізу және апаттан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету шараларын қабылдау үшін Абай облысына баруды жоспарлап отыр.
Еске салайық, Абай облысындағы алапат өрттен орман шаруашылығының үш қызметкері қаза тауып, тағы 11 қызметкер іздестіріліп жатыр.
Президент Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинге оқиға орнына жедел барып, өрт сөндіру жұмыстарын басқару міндетін жүктеді.
Семейде төтенше жағдай режимі енгізілді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан