Тоқаев YTO Express басқарма төрағасын қабылдады

Тоқаев YTO Express басқарма төрағасын қабылдады
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы YTO Express басқарма төрағасы Юй Хуэйцзяоны қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Президентке "Қазпошта" АҚ және YTO Express компаниясының бірлескен кәсіпорны "Qazpost – YTO" ЖШС-нің қызметі жөнінде мәлімет берілді.

Бұл жобаның негізгі мақсаты – Қазақстан мен Орталық Азия елдері аумағында заманауи әрі тиімді курьерлік желіні дамыту.

Биыл Алматы облысында сұрыптау хабының құрылысын бастау жоспарланып отыр. Бұл нысан пошта жөнелтілімдерін жеткізу мерзімін едәуір қысқартуға мүмкіндік береді.  "Qazpost – YTO" ЖШС сұрыптау хабына жақын маңнан Индустриалды парк салуға ниетті.

Қасым-Жомарт Тоқаев осындай бірлескен жобалардың стратегиялық маңызын атап өтіп, олар мемлекеттер мен халықаралық бизнес арасындағы тиімді ықпалдастықтың үлгісі болуға тиіс екеніне назар аударды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget