Мемлекет басшысы Total Energies компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы және президенті Патрик Пуяннені қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде Total Energies компаниясының Қазақстанмен қарым-қатынасының негізгі аспектілері және энергетика саласындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар Total компаниясының мұнай-газ химиясы саласындағы инвестициялық жобаларға қатысу перспективасы қарастырылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!