Президент Қасым-Жомарт Тоқаев The Spirit of Tengri фестивалі туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Тағы бір өте маңызды сала бұл - мәдениет. Алматы Қазақстанның мәдени астанасы саналады. Мұнда театрлар, музейлер, кітапханалар көп. Almaty Fest, The Spirit of Tengri сияқты ауқымды мәдени іс-шаралар жиі өтеді. Бірақ, тағы да сол мәселе, негізгі мәдениет ошақтары қаланың "тарихи орталығында" шоғырланған", - деді Президент.
Тоқаев әкімдік қаланың жаңа аудандарында заманауи мәдени орта қалыптастыруы керегін атап өтті.
"Туристерді көптеп тартуға мәдениет саласының әлеуеті жетеді. Мысалы, жақында Алматыда Димаштың концерті өткенін жақсы білесіздер. Оған 65 елден 13 мың турист келді. Мәдени іс-шаралар қаланың рухани өмірін байытуға, шығармашылық әлеуетін арттыруға тиіс.
Сондықтан, озық халықаралық тәжірибені үнемі зерттеп, оны әсіресе, мәдени туризм саласына енгізу қажет. Жалпы, халық тұрмысының түзелуі, мәдениет ошақтарының артуы және басқа факторлар қала тұрғындарының мәдени менталитетін қалыптастырады. Бұл – дамудың маңызды көрсеткіші", - деді Мемлекет басшысы.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!