Қасым-Жомарт Тоқаев Shymkent City шағынауданына жақын маңдағы жаңа саябаққа барды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Аумағы 20 гектардан асатын паркте сейілдеуге және мәдени көпшілік іс-шаралар өткізуге барлық жағдай жасалған.
Субұрқақты жасанды тоған, амфитеатр, ландшафтты аллеялар, воркаут және скейт алаңдары бар.
Экологиялық жағдайды жақсартып, қала тұрғындарына қолайлы орта қалыптастыру үшін алдағы жылдары 1 миллион түптен аса ағаш көшеті отырғызылмақ.
Шаһардағы 12 саябақты абаттандыру, сондай-ақ, гүлзарларды, Қошқар ата өзенінің жағалауы мен арықтарды тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бұрынғы қоқыс полигонының орнында Экопарк құрылысы қолға алынды.
Бұдан бөлек Президентке қытайлық Shaanxi Construction Engineering компаниясы ұсынған қоқыс өртеу зауытының жобасы таныстырылды. Зауыт тәулігіне 1 мың тоннаға дейінгі қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеп, электр энергиясын өндіре алады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!