Тоқаев G42 компаниясының басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев G42 компаниясының басқарма төрағасы Пенг Сяоны қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанда жасанды интеллект технологияларын дамыту бойынша бұған дейінгі кездесулерде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру барысы жөнінде мәлімет берілді.

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Сонымен қатар Smart City жүйесін енгізу бағытында ынтымақтастықтың перспективасы талқыланды. Жоба заманауи технологиялық шешімдердің көмегімен қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Кездесуде инновациялық технология және "ақылды" инфрақұрылым салаларында Қазақстан мен G42 компаниясы арасындағы ықпалдастықты кеңейтудің тың мүмкіндіктері қарастырылды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!