Тоқаев Doha Forum 2024 конференциясына қатысады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Катар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі мемлекет басшысы сауда-экономика және инвестиция салаларындағы қазақ-катар ынтымақтастығын кеңейту мәселелерін, сондай-ақ жыл басында қол қойылған ұзақмерзімді стратегиялық әріптестік орнату жөніндегі келісімді жүзеге асыру барысын талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни Қазақстан мен Катар арасындағы қарым-қатынас нақты стратегиялық және өзара тиімді сипат алғанын атап өтті.

Қазақстан президенті Катар Әмірі шақырған Doha Forum 2024 конференциясына қатысатынын растады.

Тараптар екі ел арасындағы тығыз байланыстарды жалғастыруға уағдаласты.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!