Тоқаев Dala Glass әйнек өндіретін кәсіпорын қызметімен танысты

Президент Dala Glass әйнек өндіретін кәсіпорын қызметімен танысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Зауыт биыл жазда іске қосылған. Жобаға салынған инвестиция 1 миллиард теңге болды.

Жылына 500 мың шаршы метр әйнек шығару жоспарланып отыр. Бүгінде аталған нысанда 50 адам жұмыс істейді.

Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпорын қызметкерлерімен әңгімелесіп, олардың еңбегіне табыс тіледі.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!