Тоқаев 8 қыркүйекте жолдауын жариялайды

Тоқаев 8 қыркүйекте жолдауын жариялайды
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйекте Қазақстан халқына жолдауын жариялайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Президенттің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауын жариялайды", - деді ол.

Шараға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтайдың, Адам құқықтары жөніндегі комиссияның, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелері, қоғам мен еңбек ұжымдарының өкілдері қатысады.

Бұған дейін Президент жолдауын 2024 жылы 2 қыркүйекте жариялаған болатын.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget