Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 13-19 маусым аралығындағы жұмыс кестесі жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
• 16 маусымда Мемлекет басшысы Ұлытауда өтетін Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысына қатысады.
• 17 маусымда Тоқаев Ресей президенті Владимир Путиннің шақыруымен мерейтойлық XXV Петербург халықаралық экономикалық форумына қатысады. Мемлекет басшысы ПХЭФ пленарлық отырысында сөз сөйлейді, сондай-ақ, бірқатар кездесулер өткізеді деп жоспарланып отыр.
• 19 маусымда Қазақстан көшбасшысы президент Ибрахим Раисидің шақыруымен Иранға ресми сапармен барады. Тегеранда жоғары деңгейдегі екіжақты келіссөздер, сондай-ақ, бірқатар үкіметаралық құжатқа қол қою жоспарланған.
Еске салайық, XXV Петербург халықаралық экономикалық форумы 2022 жылғы 15-18 маусым аралығында өтеді.
Ж. Қадыржанова