Тоқаев 2025 жылға арналған ең төменгі жалақыны, зейнетақыны және АЕК мөлшерін бекітті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылға арналған ең төменгі жалақыны, айлық есептік көрсеткішті және ең төменгі зейнетақыны белгілейтін заңға қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысы "2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.
Заң бойынша 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап:
- Ең төменгі жалақы - 85 000 теңге.
- Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 32 360 теңге.
- Ең төменгі зейнетақы мөлшері - 62 771 теңге.
- Айлық есептік көрсеткіш - 3932 теңге.
- Базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс минимумы 46 228 теңге болады
2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджетте 21 триллион 392 миллиард 54 миллион 673 мың теңге кірістер көзделген. Шығындар - 25 триллион 193 миллиард 22 миллион 392 мың теңге.
Сонымен бірге Тоқаев "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2025-2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.
Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан