Қасым-Жомарт Тоқаев 15 сәуірде Арменияға бір күндік ресми сапармен барады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 15 сәуірде Арменияға бір күндік ресми сапармен барып, премьер-министр Никол Пашинянмен және президент Ваагн Хачатурянмен келіссөздер жүргізеді.
Мемлекет басшысы сапар аяқталғаннан кейін Ереваннан еліміздің қарғын су басқан облыстарының біріне ұшып кетеді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!