Қасым-Жомарт Тоқаев Лаоста өткен жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы үстел теннисінен Азия чемпионатының қола медалін иеленген 15 жастағы қазақстандық Алан Құрманғалиевті телефон арқылы құттықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл жетістіктің ел спорты үшін тарихи маңызын атап өткен Мемлекет басшысы Аланның шеберлігіне алғыс айтып, келешекте жаңа жарқын жеңістерге жетуіне тілектестік білдірді.
Алан Құрманғалиев Қазақстанның үстел теннисі тарихында Азия чемпионатында жүлде алған тұңғыш спортшы атанды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!