Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елге заңсыз көлік жеткізушілерге қарсы шараларды күшейтуді тапсырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында айтты.
"Болашақта автокөліктерді әкелудің барлық заңсыз арнасына тосқауыл қою үшін шешуші шаралар қабылдау қажет. Сонымен қатар, биыл 1 қыркүйекке дейін әкелінетін мұндай көліктерге қатысты жағдайды реттеу қажет. Оларды заңдастыру үшін 200-250 мың теңгеден аспайтын мөлшерде кәдеге жарату және бастапқы тіркеу үшін біржолғы алым алуды ұсынамын. Бұл шара іздеуде жоқ және кедендік "рәсімнен" өткен автокөліктерге қатысты болуы керек", - деді Президент.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын Президенттің www.akorda.kz ресми сайтынан және Facebook желісіндегі Akorda парақшасынан тікелей эфирде көруге болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!